$ 444.22  476.38  4.82

Елбасы мақаласы – болашаққа бағдар жасайтын басты құжат

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанды жаңа тарихи кезеңге алып шығуы тиіс. Ол үшін Елбасының тапсырмаларын Үкімет пен қоғам бірлесе орындауы тиіс. Бірігіп күш жұмылдырған кезде ғана қоғамның санасы жаңғырып, Қазақстан дамыған елдердің отыздығына қадам жасайды.

Бұл – ұзақмерзімді бағдарлама. Сондықтан оның маңыздылығын қазіргі жастар ең алдымен ұғынуы қажет. Осы мақсатта Елбасының мақаласы жастар арасында кеңінен насихатталып жатыр. Өңірлерде түрлі кездесулер ұйымдастырылып, белсенді жастарға «Рухани жаңғырудың» басым бағыттары түсіндірілуде.

Осындай жиындардың бірі Жамбыл облысындағы Мерке ауданында өтті. Елге танымал жазушы-драматург Роллан Сейсенбаев жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, мақаланы жік-жікке бөліп талдап берді.

Жиынға Меркі ауданының әкімі, ардагерлер мен мектеп басшылары,оқушыларменжұртшылық өкілдері қатысты. Рухы биік, заманына қарай түлеп, жаңғыра білген адам ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алады. Мемлекет басшысы мақалада қазақ елін рухани жаңғырту бағытында жүзеге асырылуы тиіс игілікті істерге кеңінен тоқталып өткен болатын. Кездесуге келгендердің көпшілігі мақалада айтылған өзекті мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Басқосуда жазушы-драматург Роллан Сейсенбаев жаңғырудың басқа да негізгі тетіктері мен шығармашылық ізденістері туралы әңгімеледі. Тарихымызды, ұлы тұлғалардың өнеге тұтар мұрасын жастар зерделеп,білуі керектіне тоқталды. Жазушы іс-шара басында көркемсөз оқып, патриоттық ән шырқаған оқушыларға сондай-ақ аудан кітапханасынатүрлі кітаптарды сыйға тарту етті.

Бұдан бөлек, жиында Меркі ауданының әкімі балалары әр салада үлкен жетістіктерге қол жеткізген үлгілі отбасыларға Алғыс хатын табыс етті. Халықаралық жарыста жерлесіміз, ардагер балуан Нұрлан Жарашуев биыл екінші орын иеленген еді. Аудан әкімі күміс медалін салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ жазушы-драматург Роллан Сейсенбаевқа аудан жұртшылығымен өткізген жылы жүздесуі үшін алғысын айтты.

Роллан Сейсенбаев, жазушы-драматург:

- Меркі ауданында Абай оқулары орталығын ашу туралы ұсынысым бар. Мен өзім Абайдың шығармаларын аударғанмын. Сондықтан Абайдың орталығын ашып, оқушылар оның өлеңдерін оқып, шығармаларын әңгімелесе деп ойлаймын. Жалпы, Меркі Абайды жаңғыртатын жер екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары