$ 447.4  477.55  4.76

«Смарт Алматы» жобасы Словениядағы форумда Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында жүлдеге ие болды

Словенияда жетінші рет өткен «2017- Любляна форумында» «Smart Almaty» жобасы ең үздік деп танылып, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында «Қалалардың болашағы» номинациясы бойынша екінші орын алды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Биылғы жылы форум 200-ден астам қатысушыларды жинады, олар қаланың тұрақты дамуын талқылады. «Любляна форумы» төрағасы Блаз Голоб қала тұрғындарын осы жетістіктерімен құттықтап, жобаны табысты жүзеге асыруды тіледі.

«Форумға қатысушылар арасында әдемі қалалардың бірі Алматы қаласынан өкілдер болғанына қуаныштымыз. Мен шын жүректен Сізді және Алматы қаласын таныстырған команданы құттықтаймын. «Smart City» саласындағы ең көрнекті жобаларға жыл сайын марапаттар беріледі. Алматы қаласы финалистердің бірі болғанын және қазылар алқасының шешімі бойынша «Smart Almaty» жобасы екінші орынды иеленгені туралы біз жариялауға қуаныштымыз. «wCycle» жобасымен Мариборский (Словения) үздік деп танылды, ал үшінші орынды Загребтан (Хорватия) жоба алды», – деді Блаз Голоб.

«Ақылды қала» бағыты бойынша Алматы қаласының дамуы «Алматы-2020» қаланың даму бағдарламасына сәйкес және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарласының жобасына сәйкес жүргізіледі. Жоба мегаполистің тіршілік әрекетінің әрбір салаларында заманауи теxнологияларды еңгізуді жобалайды. Еңгізу қала тұрғындардың өмір деңгейін жоғарылатуға, жаңа қызметтерді еңгізуге және ТКШ инфрақұрылысының ресурстарын жоғалтуына шығындарды төмендеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғашқы «Open Almaty» жүйелік жобасы басталды. Яғни, бизнесті жүргізу үшін қажетті деректерге қол жетімділік ашылды. Алматы қаласының ГенПлан порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің схемалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аула алаңдарын, қоғамдық орындарын жөндеу бойынша әкімдіктің жоспарлары жарияланды. Бұдан былай жобаларды пысықтау үшін бизнеске қала әкімшілігіне баруға тиіс емес. «Almaty Towers» бизнес орталығының жайлы жағдайларында бір терезесінің қағидаты бойынша сол жерде кеңес ала аласыз, немесе веб-сайтқа және телефонға өтініш қалдыра аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары