$ 513  541.16  4.69

«Almaty Invest-2017»: Алматы мен БҚО арасында 5 млрд теңгенің келісімшарты жасалды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Almaty Invest-2017» халықаралық инвестициялық форумы аясында өңірдің әкімі Алтай Көлгінов бастаған Батыс-Қазақстан облысының делегациясымен кездесті. Тараптар тауарлар мен қызметтердің импорттың орнын алмастыру саласындағы аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сондай-ақ, 28 елден 500-ден астам қатысушысы жинаған форумда «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) мұнай консорциумы мен «Schneider Electric», «KazSpo-N» және «Bureau Veritas» компанияларымен келісімшарттар жасалды. Келісімшартқа Қазақстанда бұрын тек шет елде жасалынатын отқа төзімді өнеркәсіптік киімді, модульді электрлік станциясын, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы машина құрылысы заводының АРІ және ASME халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттауды бағамдайды. Келісімдердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион АҚШ долларына жетеді.

Алматы қаласының әкімі мегаполис кәсіпорындарының өнімдері үнемі жоғары сапамен байланысты екендігін атап өтті, бұл шетелдік компаниялардың қатысуымен ірі компаниялардағы сатып алуларда жергілікті қамтуды арттыруда маңызды рөл атқарады.

А.Көлгіновтың айтуынша, сауда-экономикалық ынтымақтастықтан басқа, делегация қатысушылары «Open Almaty» үлгісінде және де «Smart City» жобасының тұжырымдамасында xалыққа қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы Алматының тәжірибесіне қызығушылық танытуда.

«Өткен жылы КПО алматылық жеткізушілерден тауарлар мен қызметтерді 107 млрд. теңгеге сатып алды. Бүгін қол қойылған келісімшарттар ұзақ мерзімді болып, өңірлердің дамуына өз үлесін қосады», - деп атап өтті «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато Мароли.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың сегіз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 520,7 млрд. теңгені құрады. Физикалық көлем индексі - 2016 жылдың тиісті кезеңіне – 104,1%. Өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 75,7% құрады, 394,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, физикалық көлем индексі – 104,4%. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар 343,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,4% құрады.

2017 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіптік өндірістің өсуі 11,5% құрады, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%. Өңірде мұнай өндіру – 12,6%, газ конденсаты 12,7% артты.

Шикізаттық емес секторға инвестициялар 22,4% өсті. Жалпы алғанда, осы кезеңде облыста тартылған инвестициялардың көлемі 202 млрд. теңгені құрады, оның 65% – шетелдік инвестициялар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары