Алматы әкімі Бауыржан Байбек жергілікті бюджет есебінен атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру мақсатында бірнеше нысанға арнайы барды. Жұмыс сапарының барысында шаһар басшысы қалалық суару желісінің құрылысы мен реконструкциялану барысын тексерді, сондай-ақ тұрақсыз көлбеу учаскелерді күшейту бойынша ағымдағы жұмысымен танысты.
Жұмыс сапарының аясында Алматы әкіміне Алатау ауданының Алғабас шағын ауданында суару желісі мен су бұру жүйесін салу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Бүгінгі таңда ауданда шамамен 7 км ұзындығына дейін жететін арықтар жиектерінің салу жұмыстары аяқталды. «Теплоэнергетика» және «Энергостроитель» саяжай массивтерінен өтетін Қарғалы өзенінің бойында жөндеу жұмыстары өтуде: өзен бойының 1300 метрі темірбетонмен күшейтіледі. Өзен арнасын механикалық тазалау бойынша жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі 4 шақырымнан астам ұзақтығы бар Наурызбай ауданындағы Надыров, Тәжиев, Күлбеков және Сланов көшелерінің арықтық желілерін салу жөніндегі жұмыс барысымен танысты.
Жоғарыда аталған көшелерде арықтық желілері бұрын болмаған. Бүгінгі күні жаңа арықтық желілері мен нөсерлік каналдардың жұмыстары аяқталды. Жолдарды асфальттауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкіміне жұмыс сапары шеңберінде Бостандық ауданының Бағанашыл шағын ауданы және Медеу ауданының Таир көшесі бойынша, Жетісу ауданының "Малая алматинка" өзені бойынан Волочаевская көшесі бойынша бөктерді күшейту бойынша құрылыс жұмыстарының барысы жайлы баяндады. Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.
Жетісу ауданында бөктердің ұзындығы 345 м құрайды, биіктігі 7 метрге дейін барады. Қазіргі уақытта барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. Орташа қысымдағы телімдік газ құбырларын тасымалдау және бөлшектеу, жоғары қысымдағы су құбырларын уақытша орынға монтаждау және бөлшектеу жүргізіліп, элект желілерінің тіреуі жартылай тасымалдау жолдарфмен теxнологиялық өтпелер қамтамасыз етілген.
Медеу ауданында көлбеу учаскесінің ұзындығы 470 метрді құрайды. Қазіргі таңда учаскеде металлды қоршауларды, бетон блоктарды, ағаштан істелген шаруашылық қора-жайларды демонтаж жасау жұмыстары өткізілуде. Аталмыш іс-шаралар жоспар бойынша осы жылдың қараша айында аяқталмақ. Учаскеде жүргізілетін жұмыстар жер асты сулардың пайда болуынан шиеленісе түседі.
Өз кезегінде, Бостандық ауданы Бағанашыл микроауданынында жобалаушылар сейсмикалық жане топырақ қасиеттерін еске ала отырып, тіреу кабырғасының типін азирледі. Объектіні жылдың аяғына дейін өткізу жоспарлануда.