$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да полицей куәгерлер көзінше ауыл тұрғынын соққыға жықты (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауылында полиция қызметкері жергілікті тұрғындардың бірін көлікке отырғызу үшін күш қолданды. Бұл сәтті көшеден өтіп бара жатқан адамдар бейнекамераға түсіріп алған.

Бейнекадрда тәртіп сақшысының алдымен бірнеше жігітті балағаттағаны, артынша олардың бірін көлікке отырғызу үшін соққыға жыққаны анық көрінеді.

"Уральская неделя" басылымы осы жайтқа байланысты БҚО ІІД-ге ресми хат жолдап, аталған полицейдің іс-әрекетіне қатысты жауап беруін сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары