$ 442.05  474.14  4.74

ОҚО полицейлері кісі өлімі қылмысын тек 13 жылдан кейін ғана ашты

ОҚО Шардара аудандық ІІБ полицейлері осыдан 13 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты. Күдікті - Өзбекстан азаматы және ол осы уақтытқа дейін өз отанында жасырынып келген.

2004 жылы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар келіп, Шардара өзенінің маңында қамыс арасында ер адамның мәйіті жатқанын хабарлаған. Тексеру барысында марқұмның 1961 жылғы Мақтарал ауданының тұрғыны екені анықталды. Қылмыскер оны буындырып өлтірген.

Қылмыстың ізін суытпай ашу мүмкін болған жоқ. Күдікті тұлғаларды анықтау барысында полицияда іздеу ісі ашылып, ішкі істер органдары құрылымдарына және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іздеу бағыты жіберілген. Нәтижесінде күдікті 1981 жылы туған азаматты өзбек полицейлері ұстап берді.

Қазіргі таңда Минск конвенциясына сәйкес қылмыстық іс процесуалды шешім қабылдау үшін Өзбекстан Республикасына жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары