$ 449.58  486.94  4.86

Қарағанды облысында үй өртеніп, кішкентай 3 бала мен зейнеткер кісі қайтыс болды

Қарағанды облысында өрт салдарынан бір отбасыдағы төрт адам ажал құшты. Олардың бірі 63 жастағы зейнеткер болса, қалған үшеуі 2, 3 және 5 жастағы бүлдіршіндер. Көршілер тапа-тал түсте үйден шыққан өртті көріп, іштегілерге көмек беруге тырысқан. Алайда түтінге тұншыққан төртеуді құтқару мүмкін болмады деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға Долинка елді мекенінде болған. Түтіндеген үйді көрген көршілері бірден өрт сөндірушілерді шақыртыпты. Үйде 3 бала мен зейнеткердің қалғанын білген олар құтқаруға күш салған. 2 жастағы София мен 5-тегі Илья бір төсектен табылғанда тірі еді дейді оларды құтқаруға талпынған тұрғындар. Алайда, ауруханаға барар жолда екеуінің де демі үзіліпті. Кейін құтқарушылар 3-тегі Артемнің өлі денесін тапқан. Болжам бойынша, олардың барлығы ұйықтап жатқан күйі тұншыққан. Үйдің отанасы екі жиені мен ұлын өгей әкесімен қалдырып, жұмысына кеткен екен.

Ирина Шпейер: 

Жүгіріп келсем, балам мен бір немеремді ауруханаға алып кетті деді. Кейін кенже немеремді көрсетті. Орамалға орап, бетін жауып қойған екен. Төбемнен жай түскендей күйде болдым. Өрт неден шықты десем, электр сымдары жанған деді

Алайда өрт сөндірушілер  басқа пікірде. Айтуларынша, оттың электр сымынан тұтануы мүмкін емес көрінеді.

Жанна Дәуренбекова, Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

-Өрттің жалпы көлемі 70 шаршы метр жерді құрады. Өрт сынақ зертханасы мамандарының болжамы бойныша от ашық түрде шыққаны анықталды. Ол темекі сіріңке және тағы басқалары.

Ал қара жамылаған ана қалған алты баласымен көршінің үйін пана қып отыр. Барар жер, басар тауы жоқ жағдайы нашар отбасының тіпті 4 бірдей өлікті жерлеуге де қаражаттары жоқ екен.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары