$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде балабақша маңынан табылған сөмке полицияны әбігерге түсірді (ВИДЕО)

Ақтөбеде «Нұрсәт» балабақшасы маңынан қара сөмке табылып, ол бүкіл тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Полицейлердің күдікті сөмкені тексеріп жатқан сәтін куәгерлер бейнекамераға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіндегі zello.aktobe парақшасына жариялады.

Балабақша маңында кетіп бара жатқан қала тұрғыны күдікті сөмкені көре салысымен полиция бөлімшесіне хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері балабақша маңын көліктер мен тұрғындардан тазартқан. Тексеріс нәтижесінде сөмкеден қауіпті зат табылмады. Оқиға орнында болған адамдар сөмке ішінен киім-кешектен басқа ештеңе шықпағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары