Өткен жылдың маусымында Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген болатын. Жиында Президент қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Сол тапсырмаларды жүзеге асыру аясында жұмыс тобы құрылып, «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.
2013 жылдың тамызында Үкімет лаңкестердің осал топтарының тізімін бекітсе, Алматы әкімі 2015 жылы лаңкестікке ұшыраған объектілердің аймақтық тізімін бекітті. Сол жылдың сәуірінде тізімге енгізілген әрбір нысанда терроризмге қарсы қорғаныс жүйесі болуы керек деп шешілді. Ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер санатына сәйкес бұл талап 2015 жылдың 1 шілдесінде күшіне еніп, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап жүзеге асырыла бастады.
Осы талапқа сай, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын барлық медициналық мекемелердің антитеррорлық қорғанысының күші артқан.
- ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру талаптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының штаб-пәтерінің нұсқауларына сәйкес, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы 24 сағаттық жұмыс кестесімен қаланың түрлі бөліктеріндегі клиникаларда көмек көрсетеді, - дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту бөлімінің бас маманы Дана Қорғанбаева.
Оның айтуынша, топ жетекшісінің басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесуі «103» (СММА-ның бас дәрігерлері, қабылдау бөлмесі) желісі арқылы алдын-ала әзірленген схема бойынша жүзеге асырылады екен.
- Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының және терроризм актілерінің салдарын жоюға қатысатын аудандық бөлімшелердің қызметкерлері 1488 адамнан тұрады. Терроризм актілерінің салдарын азайту немесе жою үшін 46 қызметкер қамтамасыз етіліп, 1402 қызметкер резервте тұр, - дейді Дана Елтайызы.
Басқарма мамандары басқарма балансында 177 арнайы техника бар екенін айтады. Медициналық көмек көрсету тобы жедел операциялық штаб арқылы лаңкестік әрекетті жоюға қатысатын басқа топтармен және бөлімшелермен жедел әрекеттеседі.
Айта кетейік, мемлекеттік мекемелер мен қорғанысы осал нысандарды терроризмге қарсы қорғаудың мақсаты - террористік қауіп-қатерлер әсерінен олардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Еске салайық, былтыр жазда Алматыда орын алған лаңкестік оқиғадан кейін шаһардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын. Барлық мемлекеттің мекемелердің ғимараттары тосын оқиғаларға, шабуылдарға қаншалықты төтеп бере алатыны тексеріле бастады. Ал, биыл қабылданған «Алматы-2020» даму бағдарламасында қала тұрғындарының қауіпсіздігі жайы ескерілді. Онда антитеррорлық дайындықтарды қала аумағында жиі өткізіп тұру мәселесі қаралған.
Ақбота Мұсабекқызы