$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық оқушылар арасында «Елімнің болашағы – менің қолымда!» атты байқау өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен партияның «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» атты жобасы аясында, мектеп оқушылары арасында «Елімнің болашағы – менің қолымда!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық эссе және плакаттар байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – болашақ жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру, адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. 

Іс-шараға қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров қарсы алып, жастарға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының басты міндеттерінің бірі ретінде көзделгендігін, бұл «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел!» жобасының негізі болып табылатындығын жеткізді. Осы жоба шеңберінде Заң Үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты құндылықтарының ілгерілеуі қамтамасыз етілетіндігін тілге тиек етті. Жастарға еліміздің жарқын болашағы өздерінің қолында екендіктерін жан-жақты түсіндіре отырып, бойларын сыбайлас жемқорлық дертінен аулақ ұстап, қоғамдық сананы қалыптастырып, жан дүниелерінің тазалығын сақтап, рухани жаңғыруға зор үлес қосуға шақырды. 

Аудандық байқауда 28 оқушы эссе жазып, түйінді ойлары мен өмірге деген көзқарастарын қағаз бетіне түсірсе, бұдан бөлек 28 оқушы өз қолдарымен салған суретті плакаттарды қорғау арқылы тұщымдыойларын пайымдап ортаға салды. Оларүлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлықтың қоғамның бақытты болашағын тежейтіндігі, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіндігі, заң мен әділдікке, билікке деген жұршылықтың сеніміне сызат түсіретіндігі туралы ойларынбатыл жеткізді. Нәтижеге бағытталған еңбек өз жемісін берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы эссе байқауында І орынды № 1 мектеп-гимназиясының оқушысы Дария Игнатченко, ІІ орынды № 132 мектеп-гимназиясының оқушысы Анастасия Лим және № 72 мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлзат Марат, ІІІ орынды № 113 мектеп-гимназиясының оқушысы Валентина Ким, № 141 мектеп-гимназиясының оқушысы Диана Аманкелді және № 175 мектеп-гимназиясының оқушысы Айдана Әзімова иеленді. 

Сонымен қатар, плакаттар байқауында жастарсыни тұрғыдан ойлау арқылы ішкі жан дүниелерін жұртшылыққа ашық жеткізіп, сыбайлас жемқорлықты жою мен оның алдын алудың жолдарын қамтып өтумен бірге өзгелерге тұщымды ой салды. Осы орайда І орынды № 1 мектеп-гимназиясының оқушысы Анна Черепанова, ІІ орынды № 175 мектеп-гимназиясының оқушысы Ақбота Қайрат және № 104 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Таңжарық Шәріпбай, ІІІ орынды № 5 мектеп-гимназиясының оқушысы Томирис Берекетқызы, № 123 мектеп-гимназиясының оқушысы Қадір Қайсар және № 132 мектеп-гимназиясының оқушысы Дана Тоқтабаянова иеленді. 

Бәсекеде табысты жастар екендіктерін дәлелдей алған байқау жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді. Ал барлық қатысушылар белсенділігі үшін «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы атынан «Алғыс хатмен» марапатталды. Рухы биік жастар ақпарат-құралдарынан оқып, өмірден де есітіп, көріп отырғансыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзудің мүмкін еместігін, жемқорлық адамды жақсылыққа апармайтындығын, оның артының қасірет екендігінбаяндай отырып,бұл дертті болдырмаудың тетігі тек халықтың, жас ұрпақтың өз қолында екендігіне көз жеткізді. Рухани құндылықтармен сусындап өскен патриот жастар, егер елімізде сыбайлас жемқорлыққа орын болатын болса, онда даму мен өркендеудің де мәнінің жоғалатындығын, болашақтың ертеңінің бұлыңғыр екендігін терең түсінді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің алдын алып, сыбайлас жемқорлықтың түп тамырына балта шабу қажеттілігінің маңыздылығын ұғынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары