$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

Ақтөбе облысында 7 оқушы қыз орамалдарын шешпей жүр. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Aktobenews.kz порталына мәлімдеді.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 9 қыз бала орамал тағып жүр. Кеше ғана Алға ауданына барып келдім. 2 қыздың ата-анасы көнді. Қазір орамал тағып жүрген 7 оқушы ғана қалды. Бұл ресми мағлұматтар. Сенбесеңіз, көрсете аламын», — деді басқарма басшысы.

Жолдас Қалмағанбетовтың сөзінше, 7 оқушының бірі — Ақтөбе қаласындағы мешіттердің біріндегі имамның қызы.

«Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Орамалын шешпей жүрген балалардың барлығы — 10-11 класс оқушылары. Олар бізге қарасты мекеме болмағандықтан, біз оларға бұйыра алмаймыз. Сондықтан облыстың бас имамы, мүфтияттың тарапынан оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары