$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы ҚХА өкілдері әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізді

Бүгін Алматы қаласындағы Достық үйінде республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен «ҮЕҰ мектебі» жобасы аясында «Рухани жаңғыру: азаматтық сектордың әлеуметтік бастамалары мен жобалары» атты әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Қахақстан халқы ассамблеясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараны «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық желісі» қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, шараның өтуіне Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі қолдау көрсетіп отыр.

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері, Қахақстан халқы ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналғандар алдында Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов, республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің  жетекшісі А.В.Войнце сөз сөйлеп, іс-шараның мән-маңызына тоқталды.

Іс-шараның мақсаты – Алматы қаласының нысаналы топтарына әлеуметтік қызмет көрсетіп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларымен таныстыру, сектораралық әрекеттестік әлеуетін қолдану, қоғамды топтастыру арқылы үздік әзірлемелерді жүзеге асыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдерді, принциптер мен стратегияларды әзірлеу, PR-науқандар өткізу, әлеуметтік саладағы ұйымдардың позитивті имиджін қалыптастыру, әлеуметтік көмек көрсететін ҮЕҰ мәртебесін көтеру болып табылады.

Жәрмеңке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын, «Алматы-2020» Алматы қаласының даму бағдарламасының негізгі бағыттарын ескере отырып ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында дөңгелек үстел, жәрменке лауреаттарын марапаттау рәсімі, секциялық жұмыс (шеберлік сабақтары, презентациялар) өткізіліп, ұсыныстар жасалды. 

Айта кетейік, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны 10 мыңнан асады. Алайда, қызмет ету саласына байланысты олардың көпшілігі белсенді емес. ҮЕҰ-ның негізгі доноры – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі. Сондай-ақ, аталған ұйымдар жергілікті атқару органдарынан да тапсырыс арқылы қаражат алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары