$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде көше шамдары күндіз қосылып, түнде өшіріледі

Ақтөбеде көше шамдары күндіз қосылып, керісінше түнде өшіріледі. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі zello.aktobe парақшасына жергілікті тұрғындардың бірі жазды. Сөзіне дәлел ретінде ол таңертеңгі уақытта жанып тұрған көше шамының суретін жүктеген.

«Ақжар-2. Түнде көшеде жарық жоқ. Дала қараңғы. Таңертең 8-ден 12-ге дейін жарық жағып қояды. Мазақ қыла ма?», – делінген ақтөбелік тұрғынның жазбасында.

Жергілікті билік өкілдері тұрғынның бұл шағымына жауапты көп күттірген жоқ. Жергілікті Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары жөндеу жұмыстарына байланысты шамдардың күндіз ғана жанып тұрғанын айтып түсіндірді.

«Ақжар-2 ауданы бойынша сағат 8-12 аралығында жарық шамдары қосылып тұр. Себебі, аталған елдімекенде жанып кеткен жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталып, көше жарықтары ретке келтірілетін болады», – дейді бөлім мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары