$ 494.87  520.65  4.91

Дін істері министрлігі тұмшаланған әйелдерді «шешіндіретін» заң әзірледі

ҚР Дін істері және ақпарат министрі Нұрлан Ермекбаев елімізде террористік қауіпті сейілту үшін еуропалық тәжірибені қолдануды ұсынып отыр. Оның ойынша, радикалдардың киім кию үлгісіне тыйым салып, олардан келетін қауіпті сейілтуге болады екен.

«Біз еуропалық нормативтік тәжірибені әбден зерттедік. Соңғы уақытта кейбір еуропалық мемлекеттер радикалдар мен лаңкестерден келетін қауіпті азайтатын бірқатар шараларды қолға алды. Біздің заңнамада радикалды діни ағымның нақты анықтамасы жоқ. Біз еуропалықтардың тәжірибесіне сүйеніп, өз заңымызды әзірледік», — деді Ермекбаев Қазақстандағы елшілердің қатысуымен өткен брифинг барысында. Аталған жиында Парламентте талқыланып жатқан дін туралы заң төңірегінде әңгіме өрбіген болатын.

Жаңа заңда әйелдердің қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын киім киюіне тыйым салынады. Министрдің айтуынша, мұның барлығы қауіпсіздік мақсатында қолға алынған шара.

«Атап айтқанда, никаб, чадра, паранджа немесе бетперде киген кезде құқық қорғаушылар ол адамдардың кім екенін анықтай алмайды, тиісінше қауіпсіздіктің деңгейі де төмендейді. Оның үстіне, мұндай киімдер біздің қоғамға жат», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары