$ 494.87  520.65  4.91

Баян Мақсатқызының қызы Америкаға сүйіктісіне кетті

Баян Мақсатқызының үлкен қызы – Айсәуле Есентаева Америкада білім алып жатқан сүйіктісіне қыдырып кетті. АҚШ-қа осыдан үш ай бұрын аттанған қыз мұхит жағасындағы тіршілігімен бөлісті деп жазады 365info.kz порталы.

Айсәуле өзімен бірге Ла атты итін де саяхатқа бірге алып кеткен. Екеуі тек бір қалада тұрақтамай, жер-жерді аралап, мәдени орындары да тамашалап жүр. Тіпті, жыл сайын «Оскар» сыйлығына ұсынылатын Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмін қолдауға арнайы барған екен.  

«Бүгін «Оскар» сыйлығына жыл сайын ұсынылатын Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильміне бардым.  Меніңше, Қазақстандағы бірінші орындағы режиссер. Беверли Хиллзде туған жерімнің афишасы көзіме ыстық көрінді. Әрі шетелдіктердің сеанстан кейін қол соққандары мені ерекше қуанышқа бөледі. Рахмет, осындай туынды үшін», - деп Айсәуле режиссерге алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары