«КешYou» тобының экс-әншісі Ақбота Сейтмағамбет күйзелісте жүр. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген ашық сұхбатында мәлімдеді.
Танымал әнші журналистпен болған сұхбатында депрессияға жиі түсетінін айтқан. Оған ата-анасыз өсуі де себеп көрінеді. «Жылап та алам, қайғырып та алам. Кейде жер бетіне сыймай кететін сияқтымын. Шынымды айтсам, екі рет ажырап, екі рет қосылдық. Осымен екі рет аяққа шоқ бастым. Сондықтан алда тағы да өкінгім келмейді», – дейді әнші. Ақботаға туған-туысы «балаң ес білмей, тезірек тұрмысқа шық» деп жиі кеңес береді екен. Әнші бұл ұсынысқа да қазір ойланып жүргенін айтты. Тіпті, болашақта бес баланың анасы болуды армандайды екен. Сондай-ақ, А.Сейтмағамбет дәл қазір продюсерге өте мұқтаж екенін де жасырмады. Елге сыйлы, өзін қолдайтын жасы үлкен кісі болса дейді. Айта кетейік, Ақбота Сейтмахамбет жақында ғана отандық телеарналардың бірінде берген сұхбатында Дәурен Айдарқұловпен ажырасқандарын айтқан. Дәуреннің өзі Ақботаға үйлену үшін әйелі мен бала-шағасынан ажыраған болатын.