$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бір отбасының барлық мүшесі құпия жағдайда қайтыс болды

Шымкенттегі жер үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды. Барлығы да бір отбасының мүшелері. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі Таскен елдімекенінде орын алған деп жазады «Казинформ».

Облыстық ІІд-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, бір отбасының - ерлі-зайыптылар мен олардың 5 жасар баласының қайтыс болғанын ең бірінші болып көршілері білген. Дереу туыстары мен полицияға хабар беріпті.

«Оқиға орнына келген полицейлер үш адамның мәйітін анықтады. Олар әйелі мен күйеуі (1976 және 1983 жылғы) және олардың 2012 жылғы ұлдары. Оқиға орнын тексерген тәртіп сақшылары үйге бөтен ешкімнің есікті немесе терезені бұзып кірмегенін анықтаған.Марқұмдардың денелерінде де зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша отбасы мүшелері ыстан уланып қайтыс болуы мүмкін. Қазіргі таңда өлімнің себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Салтанат Қаракөзова.

Алайда, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісовтің мәліметінше, марқұмдар пештің түтінінен уланып қайтыс болуы мүмкін емес. Өйткені, оқиға орнына келген мамандар арнайы құрал арқылы тексеру жүргізіп, үйде улы газдың жоқ екенін анықтаған.

Үш бірдей адамның неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары