$ 498.34  519.72  4.85

ДАИШ қатарына қосылуға шақырған: Ақтөбеде 4 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының қызметкерлері Ақтөбенің 4 тұрғынын ұстады, - деп жазады Tengrinews.kz порталы.  

"24 қараша күні ҰҚК ішкі істер органдарын қатыстырумен терроризмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Ақтөбе қаласының 4 тұрғынын ұстауды жүзеге асырды. Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды", – деп мәлімдейді Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар, бұл адамдар тұрақты түрде жиындар ұйымдастырған деген күдікке ілінген, олардың барысында дінге сенушілерді Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттегені айтылды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ислам #ҰҚК