$ 498.34  519.72  4.85

Астанада жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

Отанды қорғау – ер азаматтың ең қасиетті борышы. Жыл сайын елімізде мыңдаған жас жігіт әскер қатарына қосылып, отан алдындағы осынау қасиетті парызын орындап жатады. Ал, ел тыныштығын күзеткен жас сарбаздар үшін әскери қызметтегі ең маңызды күні – Отанға адал болуға, оны қорғауға ант беруі.

Бүгін «Астана» өңірлік қолбасшылығында осындай ерекше іс-шара өтті. Бейімделу кезеңінен өткен Астана, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының екі жүзден аса жас бозбалалары салтанатты түрде Отанға адал болуға ант қабылдады.

Іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационал жауынгерлер, әскери бөлімдердің қолбасшылығы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туыстары қатысты. Салтанатты жағдайда жаңадан келген жас толым «Тік тұр, жауынгерлік туға тіктел» пәрменіне өздерінің қолдарына атвоматты қатты қысып алып, Отанға адал болуға ант берді. Әскери істің қыр-сырын жас бозбалалар бір жыл бойы меңгеретін болады. Бұл уақыт ішінде олар мотоатқыш және артиллериялық мамандықтарды игереді. Александр Тараканов Петропавлдың тумасы. Шақырылғанға дейін «техник бағдарламашы» мамандығы бойынша жергілікті теміржол колледжінде оқығанын айтады. Мен өзімнің қаруластарыма өздерін әскери қызмет өткеру кезінде лайықты түрде көрсетіп, міндеттерін адал атқаруларын тілеймін, - деді мерзімді қызметтегі әскери қызметші. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрлерді сақтауды жалғастырып жатқанын және ұдайы негізде оқу-жауынгерлік қызметті жетілдіріп, жауынгерлік әзірлікті және әскери тәртіпті нығайтып жатқандарын айта кету қажет.

«Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жас толым алдағы қызмет жылы ішінде тиісті түрде әскери істі оқып-үйреніп, оқ атуды, жауынгерлік машиналарды жүргізе алуды білулері, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша нормативтерді «үздік» деген бағаға тапсырулары үшін барлық күш-жігерлерін салуда», - деп «Астана» ӨңҚ 31775 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Алтай Тәшкеев атап өтті. Шара қорытындысы бойынша өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, барлық қызықтырған сауалдарына жауап берді, қонақтарды әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныстырып, казарламаларды, асханаларды, тренажерлық залдар мен оқу сыныптарын көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары