Швейцариялық фотограф Марсель Буркард өзінің авторлық құқығының бұзылғаны жайында фейсбук парақшасына жазған.
Марсель Буркард 500 теңгелік жаңа банкнотадағы шағала суретінің өзіне тиесілі екенін айтқан.
«Не деген құрмет! Кеше Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа банкнотқа шығарғаны туралы хат алдым. Аталған ақшаға шағала бейнеленген екен. Осының барлығы мемлекеттік деңгейде шудың шығуына әкеліп отыр. Сурет Википедиядан алынған. Ал оның авторлық құқығы маған тиесілі. Ұлттық банк ақшасының дизайнін жасаған маман осы суретті ұрлаған. Мұны 100% растауға болады. Ал Ұлттық банк мұны жоққа шығарып отыр. Мен өз құқығымды қорғайтын боламын», — дейді Буркард.
Ол шағала суретінің түпнұсқасын жариялап, 500 теңгелік ақшада бейнеленген өзге де суреттердің түпнұсқасын интернеттен тауып алғанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық Банк 22 қараша күні халыққа жаңа банкнотаны таныстырған болатын. Мұнымен қатар, олар шағала суретінің ұрланбағанын мәлімдеген.