Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов Ғазизхан Шекербековтың «Еркекпін мен» әніне «Жемқормын мен» деп сөз жазды.
Ақынның әні instagramm парақшасындағы dubsmash_kaz тобына жарияланған. Онда айтыскер жемқорлардың шалқыған өмірі мен шадыман көңілін 2 шумақ өлеңмен жеткізген.
«Жемқормын мен, Бір ғасырда бір туатын жемқормын мен. Бюджеттен жымқыратын жемқормын мен. Жоғарыға ұмтылатын, Ақша десе жыртылатын, Жемқормын. Көктебеде біздің үй, үш этажды хансарай. Әйелім де блатной, Ханшадай. Жоғарғы жақ жейді ғой, Мен де жеймін дәл солай. Бастық болсаң жемқор бол, Заң солай!», – дейді ақын әндетіп.