$ 498.34  519.72  4.85

Мектеп оқушысы бауырларын асырау үшін тамақ ұрлаған

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 15 жастағы бала азық-түлік ұрлаған. Кәмелетке толмаған жасөспірім мұндай қылмысқа бауырларын асырау үшін барыпты, деп жазады Kerek-info.kz.

Ақтөбелік прокурорлар жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар мен білім біру мекемелеріне қатысты бірқатар былықтың бетін ашты. Мәселен, Мәртөк ауданында мектеп оқушысы 6 рет ұрлық жасаған. Әкесі ішімдікке салынған. Ал анасы балаларын
тастап кеткен көрінеді. Жасөспірім кішкентай бауырлары ашықпау үшін қылмысқа барған. Прокурорлар жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюіне біле тұра ешқандай шара қолданбаған құзырлы органдарды айыптайды. 

«Бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Өйткені полиция қызметкерлері оларды ата-ана құқығынан айыру туралы сұраған. Бірақ бұл мәселе сол күйі шешусіз қалған. Білім беру органы да, жергілікті атқарушы орган да отбасыға ешқандай көмек көрсетпеген», – дейді облыстық прокуратураның басқарама бастығы Қанат Нақымбеков. 

Прокурордың сөзінше, жауапты органдар жоспарлы жұмыстарды тек «қағаз жүзіндей жүргізеді. Девиантты мінез-құлығы бар балалар есепке қойылмаған. Олардың тәртібі комиссияда қаралмаған.

Прокурорлар жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау үшін оларға бақылауды күшейтуді ұсынады. Сондай-ақ бұл іске ардагерлер кеңесін тарту керек деп есептейді.

Жыл басынан бері 21 жасөспірім қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Олардың кейбірі ,тіпті, полицейлердің назарына бірнеше рет іліккен. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың басым бөлігі толық емес және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленеді. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары