$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық гермафродит адам ерекшелігі туралы ашық әңгімеледі (ФОТО)

Алматы облысында тұратын Зайтуна Мухитдинова атты 28 жасар ару  «гермафродиттің» өмірі жайлы айтып берді, деп жазады stan.kz.

«Мен өзімді кемтармын немесе мүгедекпін деп санамаймын. Иә мен екі жыныстымын. Онда тұрған не бар? Керісінше мен өзімді ерекше жандардың қатарына жатқызамын», – дейді бойжеткен.

Айта кету керек, Зайтуна Мухитдинова туғанда отандық дәрігерлер оған ота жасамақшы болыпты. Десе де, Зайтунаның ата-анасы ақ халаттылардың бұл шешіміне қарсылық білдірген екен.

«Мен ата-анама әлі де алғыс айтып жүремін. Себебі олар мені басқалардан айырықша сәби санап, дәрігерлердің «мүшемді кесіп тастау керек» деген кеңесіне қарсылық білдірген. Әке-шешемнің кезіндегі бұл әрекетін мен олардың маған деген шексіз махаббаты деп санаймын», – дейді Зайтуна.

Гермофродиттің сексуалды өмірі де түрлі оқиғаға толы. Мектепте оқып жүргенде Зайтунаны сыныптастары «жігіт-қыз» деп мазақ қылған. Десе де, өсе келе гермофродит қыздардың да, жігіттердің де назарына түсе бастапты.

«Бала кезде айналамдағылардың мазағына жиі қалатынмын. Мен туралы мектепте түрлі әңгімелер тараған еді. Біреулер мені «сайтанның ұрпағы» десе, енді бірі “еркек-қатын” деп қорлайтын. Жоғарғы оқу орнына түскенде Ольга дейтін қызбен танысып, достасып  жүрдім.

Алғашқы жыныстық қатынасым да осы арумен болды. Ольга менің екі жынысты екенімді көргенде қатты таң қалды. Сол сәттен бастап, өзіме деген сенімділік арта түсті.

Кейіннен өзімді қыз санап жігіттермен де кездесіп көрдім. Жігіт те мені ұнатып, үйленуге ұсыныс жасады. Мен өзімді  екі жыныста да өте жолы болған ерекше жаратылыс ретінде жақсы көремін. Әрі осындай ерекшелігімді мақтанамын.

Зайтунағаның туу туралы куәлігіндегі есімі Хамзат. Кейіннен өзінің нәзікжанды екенін сезе бастаған ол құжаттарын толығымен ауыстырып, атын да өзгерткен.

«Мен екі жынысты болсам да, өзімді әйел санаймын. Бүгінгі таңда тұрмысқа шығып үлгердім. Жарыма менің екі жынысым да ұнайды. Сексуалды өмірімізде ешқандай қиыншылық көрген емеспіз. Болашақта дәрігерлердің көмегімен бала көтеруді жоспарлаудамыз», – дейді келіншек.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында есепші қызметін атқаратын Зайтуна ханым елімізде тұратын барлық гермофродиттерге ғаламтор арқылы психологиялық кеңес беріп жүр. Тіпті, ол болашақта екіжыныстыларға арналған орталық ашпақшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары