$ 442.05  474.14  4.74

Рухани жаңғыру: Таразда облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен қайырымдылық балы өтті

Қайырымды жан – 2017. Тараз қаласында осындай атаумен меценаттардың қайырымдылық балы болып өтті. Мұндай іс-шара облыс аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр және бұл шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында іске асуда.

Жамбыл облысында қамкөңіл жандарға қайырымдылық жасап, қайырын көріп жүрген азаматтар жетерлік. Сол өзіндегісін өзгеден аямайтын жандардың басын қосқан салтанатты кешке 100 ден аса қонақ шақырылыпты. Келгендердің көңілін көтеру үшін ән де шырқалды, би де биленді, қазақ ұлттық киімдерінің үздік топтамасы да көрсетілді. Ал, меймандар болса,  қайырымдылық қорабына қалағандарынша қаражат қалдырды.

«Бұл балға біз 2015, 2016, 2017, яғни, жаңа бағыт шыққалы бері Ассамблеяның құрамында жүрген еліміздің ірі-ірі меценаттарын шақырып отырмыз. Шақырған қонақтардың бәрі келді. Бұл дегеніміз – сол кісілердің жүректерінің үлкен екенін көрсетеді», - дейді Қазақстан халқы ассамблеясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Маржан Қожаева.

Қайырымдылық жасау – халқымыздың ежелген келе жатқан игі дәстүрі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жыл сайын өтіп тұратын болды. Ел игілігі үшін барын аямаған жандарды көпшілік білуі керек. Осындай істермен көзге түсіп, жомарттық танытып жүрген бірқатар азаматтар, қайырымдылық пен мейірімділік жолындағы қызметтері үшін Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Біздің фирмамыз әр жылы балалар үйінен 250 бала әкеліп, сыйлығын беріп, Жаңа жылда оларды арнайы құттықтаймыз. Әрдайым қайырымдылық істеуге асығып, мұқтаж жандардың жанынан табылуға тырысып жатамыз», - дейді Жамбыл облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы әрі жеке кәсіпкер Махмуджон Даврышев.

Сәрсенбек Салыбаев, жеке кәсіпкер Мұқтаж жандарға қол ұшын соу үшін аталған шараға келген кәсіпкерлердің бірі – Сәрсенбек Салыбаев. Ол да әр азамат қолдан келгенше қайырымдылық жасауы керек деп есептейді.

«Менің әкем айтушы еді: «бірінші өз басыңа жақсылық жаса»,- деп. Егер, алдымен өз басыңа жасамасаң, өзгеге жасап жарытпайсың. Сол айтқандай, өзіміздің жағдаймызды жасап алдық. Енді, туған-туысқа, ауылдастарға қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз», - дейді кәсіпкер.

Мінеки, бүгін Жамбыл облысында тұңғыш рет ұйымдастырылған, меценаттардың басын қосқан қайырымдылық балы соңына жетті. Бүгінгі іс-шарадан түскен барлық қаражат мүмкіндігі шектеулі балалардың қажетіне жұмсалатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары