$ 498.34  519.72  4.85

Өз баласын аяусыз тепкен ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Өз баласын көшеде аяусыз тепкен қырғыз Бариер Адиев Октябрь аудандық сотының (Бішкек) шешімімен екі айға тергеу абақтысына қамалды деп жазады K-News.

Осыдан бірнеше күн бұрын Интернетте күдікті ер азаматтың өз сәбиін көшеде теуіп жатқан сәті түсірілген видеоролик тараған болатын.

Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасы осы іске қатысты бұлтартпау шарасының қабылданғанын айтты. Ер адамға қатысты Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша ("Бұзақылық") қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, әкесі бұл видеоға қатысты бұған дейін өзіне жала жабылғанын жеткізген болатын. Оның сөзінше, видеодағы көрініс монтаждалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары