$ 446.49  475.38  4.79

Нұрлан Ермекбаев: «Қоғамда кез-келген деструктивті діни идеологияны мүлдем қабылдамауды қалыптастыруымыз керек»

Бүгін Астанада Қазақстан дінтанушыларының VII форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі қазақстандық қоғам деструктивті діни ағымдарды қабылдамайтындай дәрежеге жетуі керектігін айтты. Яғни, аталған министрлік қызметкерлерінен бастап барлық теолог-ғалымдар, исламтанушылар, имам-молдалар халықтың көзін ашып, дәстүрлі емес ислам ағымдарына төтеп бере алатындай иммунитет ойлап табуы керек, оны халықтың бойына «егуі» керек.

Форумның пленарлық отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі. Министр заманауи кезеңдегі дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

«Қоғамда кез-келген деструктивті діни идеологияны мүлдем қабылдамауды қалыптастыруымыз керек. Бұл жерде бірлік пен жалпы ұжымдық күш-жігер маңызды. Елбасы мен мемлекеттік саясатты қолдау тек қана сөзбен емес, күнделікті мінез-құлықта, іс-әрекетте, тіпті сыртқы бейнесінде көрінетінін әр азамат өз жақындарына,таныстарына түсіндіруі қажет»- деп атап өтті  Н.Ермекбаев.

«Кейбір адамдар мемлекет ұстанымына қарсы шықпаймыз, Елбасының саясатын қолдаймыз деп айта тұра, бірақ, мәселен, мектеп киім үлгісін сақтау туралы нормативтік құқықтық актілерді бұзады; заң талаптарына қарамастан өздерінің діни бірлестіктерін тіркеуден әдейі бас тартады; діни уәждерімен екпе егуден, қан құюдан бас тартады; интернеттен шетелдің радикалды дін уағыздаушыларының дәрістерін жүктеп таратады, Елбасымыздың қазақстан халқына және салт-дәстүрлеріне жат сыртқы көріністерге жол бермеу туралы айтқандарына қарамастан,  басқа елдерге тән қара киім кию, сақал қою, қысқа шалбар киюді жалғастыруда» - деді  Нұрлан Ермекбаев.

Форум жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары және өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дінтанушы-ғалымдар, елдегі жоғары оқу орындарындағы дінтану кафедраларының тәжірибелі оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен діни бірлестік және ҮЕҰ-дардың  өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында «Қоғамдық сананы жаңғыртуда дін саласындағы мемлекет саясатының рөлі» атты Қазақстан дінтанушыларының  VII  Форумы  өтуде.  Ұйымдастырушылардың айтуынша,

аталған форумның мақсаты - дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ғылыми және сарапшылар қауымдастығын және  ҮЕҰ-дың  өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақыру болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары