$ 444.22  476.38  4.82

ТЫЛСЫМ: Көлік апатына себеп болған елес желі қолданушыларын шошытты (ВИДЕО)

Сингапурде бейнебақылауға жұмбақ жағдайдағы жол апаты түсіп қалды. Видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылуда деп жазады РИА Новости. 

Желі қолданушыларының бірі бұл жайтқа сайтандай сап еткен елес көліктің кінәсі бар десе, екінші бірі ақаудың бенебақылау камерасында екенін жазған. 

«Автокөлік аспаннан түскен жоқ. Ол тек көрінбейтін аймақта тұрып қалған. Анықтап зер салсаңыздар, BMW оңға бұрылмай тұрып, ар жағында көліктің төбесі көрінеді», – деп бір қолданушы пікір білдірген. 

Айта кетсек, тура осындай тылсымға толы жол-көлік апаты бірнеше жыл бұрын Ресейде де болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары