$ 448.15  483.46  4.86

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шықты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы тұрмысқа шықты. Бұл туралы оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов өзінің Instagram парақшасына жазды.

Әлеуметтік желіге Алагөзов «Әйеліммен» деп екеуінің неке қиған сәттерінен фото жүктеген. Баян Мақсатқызы қолында келіншек гүлі бар видео салған.

Неке қию рәсімі шамамен сағат 15.30-да Медеу аудандық АХАЖ-да өткен. Айта кетейік, Баян енді күйеуінің тегімен жүретін болды. Яғни Есентаева емес, бұдан былай – Алагөзова.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары