$ 448.15  483.46  4.86

Баян Алагөзова (Мақсатқызы) үйлену тойының қашан өтетінін мәлімдеді

Өткен апта кәсіпкер Турсенгали Алагөзовқа күйеуге шыққан танымал продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) үйлену тойларының қашан өтетінін Шымкенттегі іс-шаралардың бірінде мәлімдеді деп жазады Otyrar.kz. 

Бұған дейін жұрт алдында дүркіретіп той жасайтындарын айтқан жұптың дастарханды қашан жаятыны белгілі. 

“Қазір жұмысымыз көп. Той біз үшін бірінші орында емес. Оның да машақаты бастан асып жатыр. Той туралы ойланып жүрміз, әрине. Бірақ нақты емес. Бір айдан кейін шетелге ұшамыз, той мәселесін сол жақта шешеміз деп ойлаймын. Мүмкін шетелде өткізе салармыз”, – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы Алагөзова. 

Еске салсақ, бұл жұп 7 желтоқсан күні Медеу аудандық АХАЖ-да заңды некесін қидырған болатын. Сол күні ол ресми түрде күйеуінің тегіне өткендігін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары