$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандылық кеншілер тағы да наразылыққа шықты

Қарағандылық кеншілер тағы да наразылыққа шықтв. Бұл туралы жергілікті nv.kz сайты мәлімдеді. Портал тілшілерін құқық қорғаушылар Ленин кенішіне кіргізбей қойған.



Кеншілердің айтуынша, қазір қаладағы «Ленин», «Казахстанская» сынды 4 шахта жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Себебі, жұмысшылар басшылықтың еңбек дауына қатысты қойған талаптарын орындамайынша қызметтеріне кіріспейтіндерін мәлімдеп отыр.


Әкімдіктегілер болса, әдетінше мәселені шешу үшін кеншілерге аттанған. Сонымен бірге, Шахитнскіден келген арнайы жасақ да бақылауды жіті назарға алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары