12.12.2017, 04:41

Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір ойлап тапты

Оңтүстік Кореядағы Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір моделін патенттеп алды деп жазады РИА Новости. 

Жемпір адам қолының қозғалысынан энергия өндіреді екен. Ол үшін күртенің жеңіне ұялы телефон иесінің белсенділігін есептейтін арнайы құрылғы орнатылады. Ал аккумулятор арқа тұста орналасқан. 

Әзірге оның көлемі туралы мәлімет жоқ. Жоспар бойынша қуаты аса үлкен емес батареялар пайдаланылмақ. Сарапшылар «ақылды» жемпір қаңтар айында Лас-Вегаста өтетін CES-2018 жәрмеңкесінде таныстырылады деп болжап отыр.