30.09.2026, 05:30

«Төртеуміз-ақ қалдық»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Көпшілік оны ағасының жылы өтпей жатып қоныс той жасады деп айыптаған. 

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Көпшілік оны ағасының жылы өтпей жатып қоныс той жасады деп айыптаған. 

"Көбісі сынап жазып жатыр қоныс той жасады, ағасының топырағы да кепкен жоқ деп. Мен сәл көңілім ауланып жүргеніммен, жалғыз қалсам жылай беремін. Ол ағамды өте қатты жақсы көрдім. Оңай тимеді. Бірақ түсінгенім қанша жерден тырыссаң да Алланың дегеніне қарсы тұра алмайсың. Алланың дегені болады екен. Ұмытшақтық пайда болды, көзім нашарлады. Көңіл айтып оның үстіне құттықтап кіріп шығайық дегендерге жоқ дей алмадым. 8 бауыр едік, төртеуміз-ақ қалдық", - деді ол.