$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда кеншілердің талаптары әлі орындалмай отыр (ВИДЕО)

Кешелі бері компанияның Шахтинск қаласында орналасқан "Шахтинск", Қазақстан", "Ленин" және "Тентек" шахталарындағы кеншілер тағы да наразылық танытты.

 Олар жалақыны 100 пайыз көтеру, 13 жалақыны беру, медициналық көмек және 50 жаста зейнетке шығару секілді түрлі талаптарын қойған.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 200-ге тарта кеншісі 11 желтоқсан күні түнгі ауысымдағы жұмыстарын аяқтаған соң шахтадан жер бетіне шығудан бас тартқан.

Олар компания ұсынған шарттармен келіспейді. Ал компанияның кеншілерге нендей ұсыныс жасағаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, 2017 жылы тамыз айында да Қарағанды облысының металлургтері мен шахтерлері жалақыларын 30 пайыз көбейтуді талап еткен болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары