«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, тасымалдаушы облысаралық әлеуметтік бағыттардың тарифін 7 пайызға көтермек деп хабарлады КТК телеарнасы.
Қымбаттаудың тек мемлекет есебінен субсидияланатын ел ішіндегі 11 бағыт пен «Тұлпар Тальго» жүрдек пойыздарына қатысы жоқ. Олардың билет құны халықтың сұранысына қарай құбылмалы. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар да кейбір бағыттар бойынша билет бағасы 3-4 пайызға қымбаттатпақ.