$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте күдікті сөмкеден шошынған тұрғындар түн жарымда үйлерін тастап қашты

«Бомба» деп жанын шүберекке түйген тұрғындар қыстың суық түнінде көше кезіп кетті. Өйткені көпқабатты үйдің алдынан жарылғыш затқа ұқсас күдікті зат табылып, полицейлер бір топ халықты жылы үйлерінен көшеге шығарып, қауіпті аймақты оқшаулап қойды деп жазады otyrar.kz.

13 желтоқсан түнде Шымкентте бір көшенің қозғалысына шектеу қойылды. Полицияға 102 нөмірі бойынша 17-шағынауданындағы 20-шы көп қабатты үйдің ауласына бомба қойылған деген хабарлама түскен. Оқиға орнына лезде жеткен полицейлер күдікті аумақты бірден оқшаулап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Полицейлер әр үйді аралап шығып, далаға шығуымызды өтінді. Үйіміздің алдымызда, бомба тұр дегенді естігенде далаға атып шықтық. Түннің суығына да қарамадық. Шынымды айтсам, қорқып тұрмын. Міне қаншама тұрғын бала-шағасымен көшеде жүр», – №20 үйдің тұрғыны.

Оқиға орнына ішкі істер органының арнайы жасағы жетіп, күдікті аумақты қоршауға алды. Содан кейін полицейлер күдікті зат ретінде сауда үйінің алдынан қара сөмке алды. Дегенмен, оның ішін тексере келе құтқарушылар қауіпті жарылыс затын таппады. «Бомба» деген зат жай ғана қара пакеттегі қыстық киім-кешектер болып шықты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары