$ 498.34  519.72  4.85

Жастарды жыныстық қатынысқа тәрбиелейтін жоба жасалды

Қазақстанда жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін сайт «ZhastyqTalk» сайты ашылмақ деп мәлімдейді ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай ойды астаналық студент Балнұр Сүгірәлиева жастарға арналған әлеуметтік жобалар байқауында ұсынды.  Студенттің жобасы «Жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі» аталымында үздік деп танылды. Оған бұл жобаны жүзеге асыруға 700 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

«Қазақта ата-анасы баласына жыныстық қатынас туралы айтпайды. Бұл – ұят деп саналады. Мектепте де ол туралы көп айтыла бермейді. Соның кесірінен жастар көптеген өрескел қылықтарға барып жатады. Біздің сайт жастарды моральдық жағынан тәрбиелейді. Ол ресурстардан қазақ жастары өзіне қажет ақпараттарды ала алады», – деді Б.Сүгірәлиева.

Байқауға өткізілген 50 жобаның ішінде 8 жобаның жүзеге асырылуы үшін қаржы бөлінді.

Павлодар облысы Баянауыл ауылында тұратын кәсіпкер Әлфия Смағұлова шалғай ауыл тұрғындарын оқытуға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынды. Қазылар алқасы бұл жобаны ең үздік деп танып, 4 млн теңге көлемінде грант бөлді. «Қала мен ауыл оқушыларының арасында білім және мүмкіндік дәрежесінің айырмашылығы жер мен көктей. Біз ауыл балаларына белгілі бір салада, робототехника, ағылшын тілі бойынша көбірек білім бергіміз келеді. Әдістемеміз оларға мамандық таңдауға көмек бермек», – деді Әлфия Смағұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары