$ 498.34  519.72  4.85

Алматының қос ауданында салынатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың орны анықталды

Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы  метр тұрғын үй,  6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі  балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады,  жалпы алаңы 3,6 гектар болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 гектар жер игеріледі, оның 10,6 гектары көгалдандырылады. Құрылыс кезінде  4,5 мың жұмыс орны ашылады.

Наурызбай ауданындағы «Шұғы­ла» елді мекенінде салынатын 16 қа­батты тұрғын үйдің жобасы бекітілді. Онда 1026 орынды көпдеңгейлі паркинг салу қарастырылған. Бизнес­тің әлеуметтік жауапкершілігі ая­сында құрылысты  жүргізуші бала­бақша салу үшін 0,6 гектар жерді қаланың коммуналды меншігіне өткізеді.

Өз кезегінде Алатау ауданының «Өжет»  елді мекенінде бес және жеті қабатты тұрғын үйлер салынады. Осы аумақта 100 және 150 орынды екі балабақша  салу жобаланған, соны­мен қатар үшдеңгейлі аула тұрақтары болады. Рекреациялық алаң ретінде скверлі бульвар қарастырылған.

Қаланың Бостандық ауданында 360 оқушыға арналған  халықаралық жалпы білім беретін мектеп және 120 орынды балабақша бой көтереді. Ғимарат екі блоктан тұрады, олар өзара галереямен жалғасады. Мектеп аумағында балалардың ойын және спорт алаңдары, бассейн,  жарыстар өтетін спорт алаңқайлары қарасты­рылған.

Осы аймақтағы Әл-Фараби даң­ғылы, Сейфуллин, Марков,  Попова көшелері бойында «жасыл» стандарты бойынша  тұрғын үй пайда болады. Әр қабат экологиялық таза материал­дардан жасалады, іске қосылғанда жоғары энергиялық тиімділікке қол жетеді, террастарға  ағаш отырғызы­лады. Мұнда  бірінші қабатта коммер­циялық нысандар, 350 орынды екі балабақша мен жерасты паркинг болады. Құрылыстың біту  мерзімі – 4 жыл.

Бұдан өзге, Бостандық ауданында  салынатын екі көпқабатты тұрғын үйдің жобалары бекітілді. Кешен бес үйден, балабақшадан, жерасты  пар­кингтен, Бұхар жырау бульварының солтүстігіне қарай, Есентай өзенінің шығысына қарай  бой көтеретін коммерциялық нысаннан тұрады. Гагарин-Березовский-Радостовец-Короленко көшелерінің аумағына салынатын түрлі секциялары, жерасты паркингі, коммерциялық нысандары бар бес көпқабатты  кешеннің жобасы да бекітілді.

Әуезов ауданындағы Тепличная  көшесінің бойына жерасты паркингі,  коммерциялық нысандары бар 12 қабатты  алты тұрғын үй кешені  салынады.

Айта кетерлігі, жобаларды қараған кезде энергиялық тиімді әрі сапалы  материалдарды пайдалануға, сыртқы әрлеу жұмыстарын талапқа сай жүргізуге, ғимараттарды түнде жарық көздерімен нұрландыруға, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жа­сауға, көлік  жүктемесіне, аулаларды  абаттандыруға айрықша назар аударылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары