Бұдан былай тілшінің шендіге жіберген сауалының салмағына сай жауап беру уақыты да өзгереді. Нақтырақ айтсақ, жолданған өтінішке мемлекеттік қызметкер ары кетсе 15 күннің ішінде жауап беруге міндетті. Сәйкесінше, толықтай тексерілген ақпаратты алуға мүмкіндік артады. Бұл туралы Алматыға арнайы медиа құрылтай үшін келген Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты.
Таң атқанан кеш қарайғанша өткен медиа құрылтайда БАҚ-тың бүгіні мен болшағы талқыға салынды. Дәстүрге айналған басқосу бұл жолы сөз бастандығының шегарасынан басталып, ата-заңға енгізілген тараулармен тоқталды. Мәселен, тілшілердің мемлекеттік органдарға жолдаған сауалы 15 күн бойы қаралатындығы айтылды. Кей жағдайларда 7 күнге жеткізбей жауап алуға болатындығы алға тартылды. Ал бейресми сауалға 1 ай бойы зерттеу жүргіледі екен. Ал ел ішінде күйіп тұрған шулы оқиғаларды 2-3 күннен кешіктірмей берудің өзі шенділердің өзіне жасы дейді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Жан түршігерлік жағдай орын алса, тәуілік бойы ақпарат беруден ешкім де қашпайды, дейді министр.
«Құдай сақтасын, әрине. Егер елімізде теракт секілді жантүршігерлік жағдай орын алса, БАҚ өкілдері мен мелекеттік қызметкерлер үшін тәуілік бойы жұмыс істейтін алаңды ұйымдасытырамыз. Онда әрбір 15-20 минут сайын жаңа ақпарат таратылып отырады. Біз бұған сақадай саймыз», - деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен АБАЕВ.
Әйтсе де 15 күн шендіден жауап күту, маңызды ақпаратқа дер кезінде лайықты жауап алуға кедергі келтіреді деген пікір де ашық айтылды. Әйтсе де, министрлік тарапы мұндай мүмкіндік ақпаратты егжей-тегжейлі анықтауға сеп береді, дейді. Оның үстіне дамыған елдердің тәжиірбесі де осыған саяды екен. Бұдан бөлек, биыл БАҚ туралы заңға 250 толықтырулар мен өзгертулер енгізіліпті. Неше түрлі бап өзгеріске ұшыраса да, қалам тербеген қауымның кәсібилігіне кедергі келтірмесе болғаны, дейді шараға қатысушылар.
«Журналистер өзі кәсіби топқа, кәсіби корпорацияға айналуы керек. Сол кәсіби корпорацияның ішінде ауызбіршілік деген нәрсе пайда болуы керек сияқты. Бір-бірімізге төнген қауіп, айналып келгенде бәрімізге төнген қауіп. Бізге қарсы заң ба, бәрімізге қарсы заң деген сияқты. Яғни, жеке бастың, жеке редакцияның амбициясы емес, ортаға қатысты нәрсені ортаға қоя білгеніміз жақсы», - деді саясаттанушы Айдос САРЫМ.
Министрге латын әліпбиіне толықтай көшкеннен кейін, газет оқитын аудиторияның саны күрт азайып кетпейді ме? - деген сауал да қойылды. Өйткені, баспаның басым бөлігін зейнет жасындағы үлкендердің оқитыны жасырын емес. Ал кеңес үкіметінің тәрбиесі мен саясатын көріп өскен кісілерге ең түсініктісі кирилл қаріпі болса керек. Әйтсе, Дәурен Абаев латын әліпбиін еңкейген қарттың да еш қиындықсыз меңгеретіндігіне бек сенімді.
«Латын әліпбиіне көше ертеңге қойылған талап емес қой. 2025 жылы болса, 7 жылда адамдар үйреніп кетеді деп ойлаймын. Қазақ тілін білсе, қазақ тілінде оқыса, тез үйреніп кетеді деп ойлаймын», - деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен АБАЕВ.
Тағы бір айта кетерлігі, еліміз 2020 жылы телевизия саласы толықтай сандық форматқа көшеді. Қазірдің өзінде республика бойынша 2-3 облыс бұл жүйеге өтуге әзір. Ал интернет сайттардың бұғатталып қалуы ақпарат қолданушылардың 5 жылда 250 есеге артқандығымен байланысты болса керек.