21.11.2017, 10:07

Алматы студенттері латын әліпбиіне көшуді қолдайды

«Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы мен Орталық Азия университеті «Парасат» бастауыш партия ұйымының өкілдері латын әліпбиіне көшудің себептерін студент жастарға түсіндірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді да­мыту бағытындағы кешенді жоба­ларды жүзеге асыруды табанды­лықпен жалғастыра береміз. Қа­зақ әліп­биін 2025 жылға қарай латын қар­піне көшіруге дайындық жұмы­сын осы бастан қолға алу қажет. Бұл – қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» де­ген еді.

Латын әліпбиіне көшу мә­се­лесі жақында Елбасы Жар­лығы­мен бекітіліп, қазақ халқы өткен ғасырда жазбаша байланыс құ­ралы болған латын жазуына қай­та оралатын болды. Осы орай­да Президент – «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Н.Назарбаев­­­­тың «Партия ха­лық­пен етене жұмыс істеуі керек» деген аталы сөзі шын­дыққа ай­налғанын көр­сетті. Яғни, латын тілі барлық ме­ке­мелерде, жоғары оқу орын­дарында партия мүшелерінің, белгілі қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің қаты­суымен жан-жақты талқыланып жатыр. Мұ­ның барлығы да ел сенім артқан партияның жұртқа жақындығын, ел пікірін тыңдайтындығын, кез келген мәселеден шалғайдағы ағайынның да сырт қалмайтын­дығын көрсетеді. Латын тіліне көшу – тарихи мә­селе. Сондықтан бұл мәселеге мамандар да мықты араласып, тарихы терең тілдің қаншалықты қажеттігін шегелеп айтып берді.

Айталық, А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі институтының ма­маны, фило­логия ғылымда­рының кандидаты Сәрсен Құл­манов, Алматы энер­гетика және байланыс уни­верситетінің ка­федра меңге­рушісі, саяси ғы­лымдар кандидаты Рат Бердібаев әлем наза­рында тұрған латын тілінің қолданыс аясы мен маңы­зы төңіре­гінде жастарға тамаша әңгімелеп берді. – Латын тіліне көшу – билікті ғана толғандырып жүрген мәселе емес. Кеңес Одағындағы 15 мем­лекеттің бесеуі ғана кириллицада қалып отыр. Әлемдегі ғылыми әдістемеліктердің 45-тен 75 пайы­зына дейін – ағылшын тілінде. Ол тіл өз кезегінде латын тілін қол­данады. Осы жағдайдың өзі латын тілінің мүмкіндіктерін көр­сетеді. Ақпараттық техноло­гияны жақсы меңгергендер үшін латын тілі жұмыс істеудің оңай тәсілі бол­мақ. Қазіргі жағдайда латын тілін көп болып талқылау міндетті түр­де жемісін береді. Тіпті арнаулы комиссиялары да іске кірісті. Нәтижесінде, жұртқа жағымды қаріптер қалыптасады, – дейді саяси ғылымдар кандидаты Рат Бердібаев.

Тіл төңірегінде «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы ақпараттық насихат тобының мүшесі Мұхит Әуелбай да ұсыныстар аз болмайтынын құлаққағыс етті. «Егемендіктің негізі адамдардың аты-жөнімен де байланысты. Сондықтан куәліктегі адамның фамилиясын қазақша жазуды реттеп алу керек. Ең алдымен, сана рухани жаңғы­руы керек. Текті ел ретінде тегіміз­ді қосып жазғанымыз жөн» деген ол кісі латын қарпінің тереңдігіне, байланыс құралының күшті қаруына айналарына күмәнмен қараудың жөні жоқтығын жет­кізді.

Жастар латын қарпін меңге­рудің соншалықты қиын болма­сын аңғарып, ағаларының ақыл-кеңе­сінен соң, Елбасының ұстанған бағытының көкжиегі кең бола­рына кәміл сенді.