Мемлекет басшысының биыл сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда жан-жақты талқыланып жатыр. Елбасының бұған дейінгі жолдаулары, бағдарламалары түгел ел экономикасын тіктеуге бағытталған болса, бұл жолғы еңбегі қоғамдық сананы жаңғыртуға, идеологияны реттеуге бағытталып отыр.
«Рухани жаңғыру» идеясының тағы бір ерекшелігі, бұған дейінгі бағдарламаларды Президент үкіметтің мойнына артып келген болса, бұл жолғысын бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз керек. Өйткені, сананы жаңғыртуды әрбір қазақстандық өзінен бастайды. Ал, үкімет тарапынан ұйымдастырылатын шаралар тек осынау процесті жылдамдатпақ.
Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтіп жатыр. Олардың қатарында қарапайым концерттерден бастап, дәстүрімізді бен тарихымызды жаңғыртуға бағытталған рухани кештер, көрмелер мен түрлі байқаулар, қайырымдылық шаралары өтуде. Солардың бірі бүгін Алматыда ұйымдастырылды.
«Біргеміз, берік іргеміз». Осындай ұранмен бүгін Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы «Рухани жаңғыру» аясында байқау өткізді.
Іс-шара Алматы қаласы ҚХА төрағасы орынбасары, «Ирныхас» мәдени ағартушылық орталығының төрағасы Мамсуров К.В. мен Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Қасымова Г.Қ. кіріспе сөздерінен басталды. Олар Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтаудың, жастар арасында толерантты ойларды қалыптастырудың маңыздылығына атап айтты және оқу орындарының жастарды тәрбиелеуге тигізетін үлкен әсеріне көңіл бөлді. Содан кейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайлы қысқаша ақпарат беріліп, концерттік бағдарлама мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының тарихын, этностарын білу бойынша байқау басталды.
Байқау барысында колледж студенттеріне бірнеше сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендеріне Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нен сыйлықтар берілді. Сұрақтарға жауап бергісі келгендердің үлкен санына көңіл бөлу мәлім. Бұл жастардың Қазақстан ішкі саясатына зор қызығушылығының көрсеткіші.
Концерттік бағдарлама аясында колледж оқушылары әйгілі әндер мен билерді орындап, әртүрлі этностардың музыкалық аспаптарында ойнады. Бағдарлама аяғында, студенттер бірге сахнаға шығып, ән айтып, флешмоб жасады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері де аралассыз қалмады. Олар жастармен бірге шығып, би биледі.
«Біздің республикамыздағы Қазақстан халық Ассамблея дүние жүзінде бірде-бір мемлекетте жоқ мекеме. Сондықтан, осы Ассамблеяның тарихы, Алматы қаласында тұрып жатқан этностардың тарихы, этностардың салттары, «Рухани жаңғыру» не екенін, осындай жолмен түсіндіру мақсатында - жастардың арасында конкурс өткізіп жатырмыз», - деді Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жанат МҰРЫНОВА.