$ 443.44  480.51  4.88

Енді Фейсбук қолданушылары желіде жүктелген өзінің әрбір суретінен хабардар бола алады

Енді Фейсбук қолданушылары желіде жүктелген өзінің әрбір суретінен хабардар бола алады деп мәлімдейді ТАСС TechCrunch порталы.  

Photo Review деп аталатын функцияның көмегімен қолданушы өз суретін арнайы белгімен немесе «ілмекпен» белгілемесе де болады. Себебі, бұдан былай әлеуметтік желінің қай жерінде немесе кімнің қолында жүргенін бақылап отыра алады. Егер суретіңізді басқа қолданушы пайдаланғанын көрсеңіз, оын бөліскен адамнан өшіруді талап етесіз. Одан да түк шықпаған жағдайда Facebook-тің техникалық қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

«Photo Review тек қана жалпыға ашық суреттердегі адам келбетін анықтайды.  Арнайы баптаулар арқылы көрсетілімі шектелген суреттерді функция анықтай алмайды», – деп жазады портал.

Тиісінше, қолданушылар жаңа технологияны мүлдем өшіріп, немесе адамның түр-нобайын анықтай алатын шаблондарды алып тастай алады.

Алдағы апталарда Photo Review Facebook жұмыс істеп тұрған барлық елдерде іске қосылмақ. Тек қана Еуропа елдері мен Канада ғана бұл қатарға енбейді. Себебі, бұл мемлекеттердің заңы әлеуметтік желілерде адамдардың келбетін анықтайтын технологияларды қолдануға тыйым салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары