Алматыда Райымбек батыр даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан «Барыс» көтерме сауда кешенінде өрт болды деп мәлімдейді қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің жалпы ауданы 900 шаршы метрді құраған. Тілсіз жау туралы хабар сағат 04:31-де түсіп, оқиға орнына бір сағаттан соң өрт сөндірушілер келіп жеткен.
Белгілі болғандай, жеті азық-түлік контейнері өртке оранған.
Өртті сөндіруге 96 адам мен 27 бірлік техника тартылған. Тілсіз жау таңғы 06:12-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендеп жоқ. Оқиғанын неден болғаны анықталып жатыр.