ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек кеншілер ереуілінің "АрселорМиттал Теміртау" жұмысына кері әсері тимегенін жеткізді. Бұл туралы ол мәжіліс отырысынан кейін журналистредің сауалына жауап беру кезінде айтты.
"Ереуілдер "АрселорМиттал Теміртаудың" өндірістік көрсеткішіне еш әсер еткен жоқ. Біздің ойымызша, компаниядағылар жыл соңына дейін көмір табу мен металл өндіру бойынша жобаны аяқтау тиіс. Компания басшылығы осындай мәлімдеме жасады", – деді министр Қасымбек.
Еске салайық, кеншілер 11 желтоқсаннан бастап төрт күн бойы шахтадан шығудан бас тартып, ереуіл өткізген. Олар басшылықтан жалақыларын екі есе өсіруді, зейнетақыға 50 жаста шығаруды, сырқат кездерінде өтемақыны толық төлеуді, еңбек жағдайын жақсартуды және жеңілдіктер жасауды талап етеді.