Құман Тастанбековты ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде болған танымал әнші Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовтің әріптесімен қоштасу кезінде айтқан сөзі өзіне ерекше әсер еткенін өзінің Instagram-парақшасына жазды.
«Өнердің бір дәуірі, Қанаттарың қайырылды. Қайырсаң қабырған сөгілердей, Қамықсаң қара нөсер төгілердей, Жабықсаң жаның егілердей, Бұл өліс сілкіп алды-ау бар қазақтың жүрегің», – деп қоштасты Әшімов қазақтың Төлегенімен.
Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбеков 17 желтоқсан күні өмірден озды. Артист көптеген кино және театр қойылымдарында басты рольдерді сомдаған. Ол бүкіл қазақ халқына «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген ролімен танымал болды.