$ 494.87  520.65  4.91

50 мың теңгеге бойжеткенді шешіндіргендер, намысы жоқ жігіт екенсіңдер – қазақ жігіті (ВИДЕО)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында спирттік ішімдікке тойып алған қыздың дәмханалардың бірінде 50 мың теңге үшін шешінген видеосы әлеуметтік желілерде таралып кеткен болатын. Қазақ қызының мұндай арсыздыққа барғанына шыдамаған жігіт сол кеште қыздың жанында болған жігіттерге видеоүндеу жолдап, олардың намыссыз екендерін айтты.

Аталған видеоүндеу Instagram желісіндегі dubsmash_kaz парақшасында жарияланған.

«Ассалаумағалейкум, қазақ жігіттері. 17 желтоқсан күні адамдар егемендікті тойлап жатқан кезде мына жағдай шектен шығып кетті. «Bayzakova Pub» барында болған жігіттердің құлақтарына алтын сырға, 50 мың теңгеге қарындастарыңды шешіндіргендер – намыстарың жоқ жігіт екенсіңдер. Юбка киіп алыңдар. Сол жерде намыссыз жігіттер болған! Артық айтсам, көңілдеріне келмесін», – деп ашуын жеткізді жігіт.

Айта кетейік, оқиға 17 желтоқсан күні Алматыдағы «Bayzakova Pub» барында болған. Микрафон ұстаған жігіт ішімдікке тойып алып, 50 мың теңге үшін шешінген қызды құттықтап жатқан видеосы желіге тез таралып кеткен. Оқиғаны көргендердің басым көпшілігі қызды кіналаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары