$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 50 мың теңгеге қыз шешіндіргендерге бір топ қазақ жігіті видеоүндеу жолдады (ВИДЕО)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында спирттік ішімдікке тойып алған қыздың Алматы дәмханаларының бірінде 50 мың теңге үшін шешінген видеосы әлеуметтік желілерде таралып кеткен болатын. Қазақ қызының мұндай арсыздыққа барғанына шыдамаған жігіттер сол уақыттан бері бірінен соң бірі instagram-парақшасына видеоүндеу жолдап жатыр. 

Осындай видеоүндердің бірін оңтүстікқазақстандық жігіттер жариялады. Олар аталған роликте қазақтың барлық жігітін намысты болуға шақырған. 

«Ассалаумағалеймкум, ел үмітін ақтаған, халықтың қамын ойлаған қазақтың нарқасқа азаматтары. Біз, жалпы қазақ елі, ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты етіп тәрбилеген халықпыз. Қазақ «қызды қырық үйден тый» деген. «Байзакова» клубында болған оқиға – масақара. Біздің қаракөз қарындастарымыз ақшаға шешініп жатыр. 5 мың теңгеге тыр жалаңаш шешінді. Ұлттық киіміміз сәукелемен стриптиз билеп жатыр. Бұл не масқара? Бұл не сұмдық? Алаш елі, жүрегінде намысы бар жігіттерге өнер, спорт, дін саласында жүрген бір топ азаматтың атынан видеоүндеу жолдаймыз. Бізді қолдауларыңызды сұраймыз!», – деді бір топ қазақтың намысшыл жігіттері. 

Айта кетейік, оқиға 17 желтоқсан күні Алматыдағы «Bayzakova Pub» барында болған. Микрафон ұстаған жігіт ішімдікке тойып алып, 50 мың теңге үшін шешінген қызды құттықтап жатқан видеосы желіге тез таралып кеткен. Оқиғаны көргендердің басым көпшілігі қызды кіналаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары