$ 498.34  519.72  4.85

"Қазақалтын" шахтасында кенші басынан жарақат алды

Ақмола облысында Бестөбедегі шахтада кенші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға 24 желтоқсанда 15:50-де Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" шахтасында болған.

"735 блок 13 көкжиегінде белгісіз жағдайда 1972 жылғы кенші басынан жарақат алды. Жұмысшы жер бетіне шығарылып, Степногорск қалалық ауруханасына жатқызылған", — деп мәлімдеді ТЖД.

Степногорск ТЖБ хабарлағандай, шахтада опырылу жайты болмаған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның себептерін анықтауда

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары