$ 441.66  475.14  4.86

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік көмекті кімдер алатынын білесіз бе?

2018 жылдан бастап мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек жаңа форматта берiлетiн болады деп жазады СҚО әкімдігінің сайты жазады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенконың айтуынша, әлеуметтiк көмек алу үшiн тұрмысы төмен азаматтар еңбек етулерi қажет.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов атаулы әлеуметтiк көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана берiлетiнiн тiлге тиек еттi.

«Бiздiң мақсатымыз – көмектi алушыларды азайту, бiрақ олардың алатын ақшасы көбеюi керек. Олар жұмысқа тұрып, белсендiлiк таныту қажет. Механизмдер бар. Бұл бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы, ара шаруашылығы және тағы басқалары», – дедi өңiр басшысы.

Қазiр облыста атаулы көмектi алатын 4196 отбасыдан 16716 азамат анықталды. Бұл бағытқа бюджеттен 319 млн теңге бөлiнедi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары