$ 439.43  473.31  4.82

Қарағандылық кеншілердің жалақысы тексеріліп жатыр

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елдегі әр қызметкердің жалақысы туралы ақпаратты білуге міндетті еместігін айтты.

«Қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс бір айға созылады», - деді Т. Дүйсенова.

«Бұл ретте атап өткім келеді, жалақы туралы ақпарат еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне емес, ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне беріледі. Қазір бізде Қазақстанда 9 млн адам жұмыс жасайды. Сіздер біз сіздердің әрқайсысысыңыздың жалақыңыз туралы біледі деп ойлайсыздар ма?! Бұл дұрыс емес. Заңнамаға сәйкес бұл сіздің құпия ақпаратыңыз болып табылады», - деді министр.

Еске салсақ, 11 желтоқсан күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 4-шахтасының кеншілері түнгі ауысымнан кейін жер бетіне көтерілген жоқ. Олардың қойған талаптарының бірі жалақыларын екі есе көтеру. Ереуіл 15 желтоқсан күні кеншілермен келіссөздер жүпгізілгеннен кейін тоқтатылды.

Өз кезегінде Т:Дүйсенова сол кезде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ереуілге шыққан кеншілерінің ең төменгі жалақысы Т208 мың, ал ең жоғарысы Т326 мың деп мәлімдеген болатын.

Алайда кеншілер бірден жалақылары туралы түбіртектерін жіберіп, бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

Кейін Т. Дүйсенова қарағандылық кеншілердің жалақысы туралы теріс ақпаратты ұсынған қызметкерлерді жауапқа тартуға уәде беріп, журналистерге оларға қатысты қызметтік тексеру басталғанын айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары