2017 жылдың шілде айында ақпарат министрі Дәурен Абаев мырза шетелдегі қазақтардың тариxы мен күнделікті өмірлерін көрсететін ауқымды жобаның басталғанын мәлімдеген болатын. Аталған жоба фильм ретінде жақын күндері көпшілік назарына ұсынылмақ. Бұл туралы түсірілім жұмыстарымен айналысқан «Qazcontent» АҚ төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook-парақшасында жазды.
Фильм «Қиырдағы қазақтар» деп аталады. Онда алыс-жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспораларының тұрмыс-тіршілігі туралы баяндалған.
Айта кетейік, бүкіл әлемде барлығы 15 миллионнан астам қазақ бар. Олардың 12 миллионы Қазақстанда тұрса, қалған 3 миллионы шет мемлекеттерде тқоныс тепкен. Шетелдік қандастардың 1,5 миллионы Қытайда тұрады.